
Жаңа жылу электр орталығы
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуатылығы 240 мегаватт электрэнергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жобаның жалпы құны – 215 млрд. теңгені құрайды.
Инвестор – «Акса Энерджи» түрік компаниясы.
Бүгінгі таңда 176 мегаватт электр энергиясын шығаратын қуаты қосылды.
2026 жылы бу турбинасы іске қосылып, қосымша
95 мегаватт электр энергиясын шығаратын болады.
Аталған жоба облысты толығымен электр энергиямен қамтамасыз етіп, аймағымызда өндірісті дамытуға үлкен серпін береді.
Станция толық қосылғанда өзге өңірлерге электр энергиясын сатуға мүмкіндік аламыз.