“ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН” МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ КЕҢЕС БЕРДІ
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Тұрғын үй қатынастары және негізгі қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы
Құдабекова Қыдыркүл Нұрабайқызы
аймақ басшысының қолынан “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталып, өз жетістігімен басқарма ұжымын қуантты.
Марапат иесі басқарманың жас қызметкерлерімен өзінің еңбек жолындағы тәжірибесімен, қалыптасу кезеңдеріндегі маңызды сабақтарымен және кәсіби жетістікке жетудің құпияларымен бөлісті. Жас мамандарға табандылық, жауапкершілік пен үздіксіз даму – кез келген жетістіктің негізгі тірегі екенін ерекше атап өтті.
Қыдыркүл Нұрабайқызы жылдар бойғы адал қызметі, іскерлік қабілеті және саладағы жоғары біліктілігімен әріптестерге үлгі болып келеді. Оның жастарға бағытталған жылы тілектері мен құнды кеңестері жас қызметкерлердің кәсіби өсуіне үлкен мотивация болды.