«ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК» АТАУЫМЕН БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ
Бүгін басқарма қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті. Абай даналығын негізге алған бұл шара – қызметкерлердің кәсіби ойлау қабілетін арттыруды, шешендік шеберлігін жетілдіруді, сонымен қатар ұжым ішіндегі ашық коммуникацияны нығайтуды мақсат етті.
Турнирге басқарманың түрлі бөлімдерінен жиналған қызметкерлер қатысып, өзара интеллектуалдық додада бақ сынасты.
Әр команда күн тәртібіндегі маңызды әлеуметтік, экономикалық және басқарушылық тақырыптарды терең талдап, логикалық дәлелдер мен нақты уәждер арқылы өз позицияларын қорғады.
Мұндай іс-шара ұжымның ұйымшылдығын арттырып, кәсіби біліктілікті жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.