«e-Otinish» АЖ-де өтінішті қалай беруге болады?
«e-Otinish» жүйесіне тіркелуге өтінішті төмендегілер арқылы беруге болады:
1. eGov/eGovmobile сайты;
2. Aitu мобильді қолданбасы;
3. Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары.
«e-Otinish»жүйесінен өзіңізге қажетті өңірдің әкімдігін тапқыңыз келе ме?
Ол оп-оңай! Келесі қадамдарды орындасаңыз жеткілікті:
1. Өтініш беру терезесін ашыңыз.
2. Меморганды іздеу өрісіне “әкімінің аппараты” тіркесін енгізіп, содан соң оның алдына қажетті өңірдің атауын жазыңыз (мысалы, “Алматы әкімінің аппараты”).
3. Іздеу түймешігін басыңыз.
Одан әрі ұсынылған нұсқалар тізімі түріндегі іздеу нәтижелерін көресіз.
Қажетті әкімдікті тауып, жүгінуіңіз сәтті өтсін!
Әкімдердің қабылдауына қалай тіркелуге болады
ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға міндетті. Тіркелу үшін «e-Otinish»ақпараттық жүйесіне жазбаша өтініш жазып, тіркелуге болады. Кезегі келген кезде қабылдау күні алдын ала хабарланатын болады
Өтінішті қалай кері қайтарып алуға болады?
Өтінішті қайтарып алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
2) «Меніңөтініштерім» бөлімінен қайтарып алғыңыз келетін өтінішті табу;
3) кері қайтарып алуға арыз жіберу үшін «Өтінішті кері қайтарып алу» батырмасын басу;
4) себебін көрсетіп, ЭЦҚ немесе Digital ID арқылы қайтарып алуға қол қою;
5) мемлекеттік орган керіқайтарып алу өтінішін қарайды. Мемлекеттік орган қайтарып алуды қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Оң жауап болған жағдайда «Кері қайтарып алынды» мәртебесі шығады. Қабылданбаған жағдайда өтініш мәртебесі кері қайтарып алуға арыз жібергенге дейінгі мәртебеге оралады.
Өтініштерді қарау мерзімі қандай?
ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» бойынша өтініштерді қараудың өзінің заңдылығы бар.
Өтініштерді қарау мерзімі:
- қарау үшін ақпарат алу немесе талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;