«Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандары мен «Бәйтерек» тұрғын ауданы тұрғындарының назарына!
13 қараша күні сағат 20.00-ден бастап 14 қараша күнгі сағат 06.00-ге дейін «Мерей», «Тубдиспансер», «Бәйтерек» су алу құрылымдарының таза су жинау резервуарларына және «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандары мен «Бәйтерек» тұрғын ауданының орталық ауыз су жүйелеріне күзгі жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандары мен «Бәйтерек» тұрғын ауданының орталық ауыз су жүйелеріне 13 қараша күні кешкі сағат 21.00-ден 14 қараша күні түнгі сағат 03.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз.
Ведомстволық мекемелерде 14 қараша күні сағат таңғы 06.00-ден бастап хлордың иісі толық жойылғанға дейін суды ағызуға жауапты кісілерді бекіту қажет.