«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы газ тарату желілерінде жөндеу-профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, 2025 жылғы 13 қараша күні сағат 13:00-ден 18:00-ге дейін Қызылорда қаласының Сырдария ықшам ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер мен коммерциялық-тұрмыстық нысандарға табиғи газ беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.
Газ беру уақытша тоқтатылған кезеңде газ жабдықтарының алдындағы крандарды жабуыңызды және 2025 жылғы
13 қараша күні сағат 15:00-ден бастап «QazaqGaz Aimaq» АҚ қызметкерлеріне газ беру үшін үй-жайларға кіруге мүмкіндік беруіңізді сұраймыз.
Газдың иісі шығуы анықталған жағдайда 104 телефонына қоңырау шалыңыз.