ЕСЕЛІ ЕҢБЕККЕ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЕСЕЛІ ЕҢБЕККЕ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ЕСЕЛІ ЕҢБЕККЕ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін Өнер орталығында «Тарихы терең, бірлігі бекем Сыр елі!» атты еңбек озаттарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев атқарылған жұмыстарды атап өтіп, өз еңбегімен өңірдің өркендеуіне серпін берген азаматтарға алғыс білдірді.
Жиында ел дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Соның ішінде ІІ дәрежелі «Достық» ордені «Акса Энерджи Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алган Сарачоғлыға табыс етілді.
Парламент депутаттарының атынан Наурызбай Сейтқалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, марапат иелеріне ізгі тілегін жеткізді.
Салтанатты жиын үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтың, «Күміс домбыра» иегері Бексұлтан Орынбасаровтың арнауымен жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласты.