#ТАЗАҚАЗАҚСТАН СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ: ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ – ОРТАҚ МІНДЕТ
Бүгін Қызылорда облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкерлері мен басқармаға қарасты мекеме мамандары табиғатты қорғау бағытында ортақ іске атсалысты.
Қала көшелерін қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу арқылы олар экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосты.
Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!
Ауамыздың таза, ортамыздың көрікті болуы әрқайсымыздың қолымызда. Сондықтан табиғатты аялау – ортақ міндетіміз!