ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Қала күні мен Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына арналған мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға белсене қатысқан сала мамандары марапатқа ие болды.
«Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ-ның акт залында энергетика саласының бірқатар қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлы арнайы қатысып, аймақ басшысының атынан сала мамандарына шынайы алғысын жеткізді.
Қала күні қарсаңында халықты жарықпен үздіксіз қамтамасыз етіп, жауапты кезеңде кәсіби міндетін мінсіз атқарған энергетиктердің еңбегі лайықты бағаланды.
Шара барысында сала қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен адалдығы ерекше атап өтілді.