Электр энергетикасы саласы бойынша 2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Электр энергетикасы саласы бойынша 2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
Электр энергетикасы саласы бойынша 2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
2025 жылдың 1 қазаңға өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 504 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2018 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 62% құрайды.
Ағымдағы жылы құны 6 млрд.теңге құрайтын жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, 3,1 млрд.теңге қаржыға 280 шақырым электр желісін және 2,9 млрд.теңгеге 87 дана қосалқы станциялар қайта жаңғыртудан өткізілетін болады.
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 532,6 млн. теңгеге 40,2 шақырым әуе желісін қайта жаңғыртудан өткізілуде.
Өз қаражаты есебінен 336,9 млн. теңгеге 59,5 шақырым электр желілеріне (күрделі жөндеу – ӘЖ-35кВ – 14,59 км, ӘЖ-10кВ- 10,2 км, ӘЖ-04кВ – 18,56 км, КЛ-0,4 кВ- 0,45 км, ағымдағы жөндеу – ӘЖ-35кВ – 7,85 км, ӘЖ-10 кВ - 3,1 км, ӘЖ-0,4 кВ – 4,7 км), 97 бірлік қосалқы станцияларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. (01.05-31.08.2025ж.)
«Шиелі кентіндегі 220/35/10 кВ ҚС қайта жаңғырту» жұмыс жобасы бойынша қазіргі таңда 35 кВ ашық тарату, 220 кВ ашық тарату қондырғылары бойынша жұмыстары толық аяқталып, мемлекеттік қабылдауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электр желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы бойынша толығымен аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Тұтынушыларға есептегіш құралдарды қосу жұмыстары жүзеге асырылуда.
«Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жұмыс жобасына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Қазіргі таңда, жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға республикалық бюджетке өтінім жолданды.
Сонымен қатар, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның теңгеріміне 2025 жылы 50 нысан өткізілуі жоспарланып, қазіргі таңда 19 нысан теңгеріміне өткізілді.