Облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100 % ауыз сумен қамтылған. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 98,6% құрайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалған
19 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Жол картаға сәйкес облыс аумағындағы сапалы ауыз сумен қамтылмаған ауылдар қатарындағы Арал ауданы Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу, Қазалы ауданы Шәкен, Шилі, Сарбұлақ, Шитүбек елді мекендеріне ішкі су жүйелерін салу жоспарланған.
Арал ауданы Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу жобасына республикалық бюджеттен - 440 млн. теңге, арнаулы мемлекеттік қордан - 1,3 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 432,6 млн.теңге қаралған. Қазалы ауданы Шәкен, Шилі, Сарбұлақ, Шитүбек елді мекендеріне ішкі су жүйелерін салу жобаларына республикалық бюджеттен - 347 млн. теңге, арнаулы мемлекеттік қордан - 847 млн. теңге және облыстық бюджеттен 298,9 млн.теңге қаралған. Қазіргі таңда жобалардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 83 шақырым су құбыры салынып, 6 мыңға жуық адам орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендерді сапалы таза ауызсумен қамту үлесі 100 пайызды құрайтын болады.
Сонымен қатар, Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының екінші тармағын салу жобасын бастауға республикалық бюджеттен 3 млрд.теңге, Қызылорда қаласындағы биологиялық кәріздік тазарту станциясын қайта жаңғыртуға 720,8 млн.теңге және Қызылорда қаласы Гагарин көшесіндегі КНС реконструкциялауға 101,4 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқын алуда.
Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 6 жобаның құрылысына 1,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. Аталған жұмыстар нәтижесінде су желілерінің тозу деңгейі 33%-ға және кәріз желілерінің тозу деңгейі 32%-ға төмендейді деп күтілуде.