АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылордада «Aksa Energy» түрік компаниясымен бірлесіп, қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда.

Жоба аясында 180 МВт-тық 2 газ турбиналық қондырғы (General Electric, АҚШ), 95 МВт-тық бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), қуаттылығы сағатына 120 тоннаны құрайтын 2 бу қазандығы (AC BOILERS, Италия) мен сағатына 150 Гкал жылу өндіретін 4 жылу қазандығын (Mimsan, Түркия) салу жоспарланған.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 80 пайызға жуығы аяқталды. Бюджет есебінен автоматтандырылған газ тарату станциясы мен 45 шақырым газ құбыры салынды.

Биыл бірінші кезекте орталықтың 1 газ турбиналық қондырғысы мен 2 жылу қазандығы, 2026 жылы қалған қондырғылар қосылады.