ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫ - НАЗАРДА
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы міндетін атқарушы Б. Измагамбетов пен басқарманың электр энергетикасын дамыту және энергия тиімділігін арттыру бөлімінің бас маманы Н. Исмаил Жалағаш ауданының тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, нақты жауаптар мен түсіндірулер алды. Әрбір сұрақ жіті зерделеніп, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Мұндай кездесулер - билік пен халық арасындағы ашық диалогтың, сенімнің нақты көрінісі.