СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы міндетін атқарушы Б. Измагамбетов пен басқарманың электр энергетикасын дамыту және энергия тиімділігін арттыру бөлімінің бас маманы Н. Исмаил Сырдария ауданының тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар мен түсініктемелер алды.
Көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданатын болады.