Қызылордада жаңа ЖЭО іске қосу пысықталды
Қызылордада жаңа жылу энерго орталығын іске қосу жұмыстары басталды. Энергетикалық жобаны түрік компаниясы өз қаражатымен жүзеге асырып жатыр. Бүгінде жоспарланған жұмыстың басым бөлігі аяқталған. Сағатына 240 МВт энергия өндіруге қауқарлы орталық аймақты электр қуатымен толық қамтиды. Қызылордадағы жаңа жылу орталығы түрік компаниясының қаражатына салынып жатыр. Сағатына 240 МВт электр энергиясы мен 277 Гкал жылу энергиясын өндіруге қауқарлы. Жобаның жалпы құны – 215 миллиард теңге. Қазір жоспарланған жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Тахир Нәдірбек, Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары: - Облыстық және республикалық бюджеттерден 8 миллиардтай ақша бөлініп, 8,7 шақырым жылу желілері толық қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Оңтүстік бу қазандық станциясында 3 бу қазандықтары толық ауыстырылып жатыр және қосалқы қондырғыларды қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Мекеменің өз қаражаты есебінен 400 миллионға 4 шақырымдай жылу желілері ауыстырылып, қазір аяқталу барысында. Жылу энерго орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Соған қарамастан ескі жылу жүйесінде алдағы жылыту маусымына дайындық басталды. Негізгі және қосалқы жабдықтар қалпына келтіріліп жатыр. Бақытжан Молдиманов, ЖЭО директоры: - Жоспар бойынша қазір бір газ-турбиналық қондырғыны осы жылдың төртінші тоқсанында қосу жоспарлануда. Сонымен қатар су жылытқыш қазандықтар да бірге қосылатын болады. Ал қалған негізгі қондырғылар 2026 жылдың бірінші тоқсанында толығымен іске қосылады. Сонымен қатар біз бюджет есебінен құны 15 млрд теңгені құрайтын газ құбырын салу мәселесі толығымен аяқталып, 45 шақырым газ желілері салынды. Жаңа жылу орталығы қыркүйек айында қолданысқа беріледі. Қазір нысанда іске қосу-жөндеу жұмыстары басталды. Энергетикалық қондырғы қаланың қажеттілігін жабуға жеткілікті электр және жылу энергиясын өндіреді.