ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ХАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛУДА
Шиелі ауданында электр желісі алғаш рет 1964 жылдан бастап іске қосылып, содан бері тұрғындарды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінгі таңда кент орталығында 36 559 тұрғын өмір сүруде. «ҚЭТТК» АҚ мәліметіне сәйкес, аудан бойынша 19 021 тұтынушы тіркелген, оның ішінде 17 078 — жеке тұлғалар, 1 943 — заңды тұлғалар.
Инфрақұрылымның кеңеюі мен жаңғыртылуы:
• 2018 жылы «Gechuba Shieli Cement» зауытының құрылысына байланысты 220/110/35/10 кВ «Шиелі» қосалқы станциясына қуаттылығы 32 000 кВА болатын Т-3 220/110/10 кВ күштік трансформаторы орнатылып, станцияны кеңейту жұмыстары жүргізілді.
• 2019–2020 жылдары Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) қаржыландыратын инвестициялық жоба аясында кент ішінде ұзындығы 93 шақырымды құрайтын 0,4 кВ әуе желісі мен 18 дана КТПБ-10/0,4 кВ қосалқы станция толықтай жаңартылды.
• 2023–2024 жылдары «Шиелі аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ тапсырысымен 10/0,4 кВ электр желілері мен қондырғыларын қайта құру және жаңғырту жұмыстары атқарылды. Бұл жоба аясында:
• 10 кВ әуе желісі – 26,91 шақырым,
• 0,4 кВ әуе желісі – 18,6 шақырым жаңартылып,
• 9 дана 10/0,4 кВ қосалқы станция жаңадан іске қосылды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда «Облыстық энергетика басқармасы» КММ тапсырысы бойынша Республикалық бюджет есебінен 220/110/35/10 кВ «Шиелі» қосалқы станциясын жаңғырту және қайта құру жұмыстары жүргізілуде.