| Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ММ бойынша 2025 жылы 30 қарашасына қаржының игерілуі туралы мәлімет |
|||||||
| Бюджеттік бағдарлама коды | Бюджеттік бағдарламаның аты | 2025 жылға бөлінген қаржы | Кезекті мерзімге төлемдел бойынша жоспар | Игерілген қаржы | игерілу парызы % | айырмасы | игерілмеген себебі |
| БАСҚАРМА БОЙЫНША ЖИЫНЫ: | 76 865 638,5 | 69 190 225,5 | 68 682 189,4 | 99,3 | 508 036,1 | ||
| 279-001-015 | Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 404 896,0 | 328 387,3 | 327 559,0 | 99,7 | 828,3 | |
| 111 | Еңбекке ақы төлеу | 88 421,9 | 77 062,5 | 77 062,5 | 100,0 | 0,0 | |
| 112 | Қосымша ақшалай төлемдер | 22 550,0 | 22 550,0 | 22 550,0 | 100,0 | 0,0 | |
| 113 | Өтемақы төлемдері | 19 433,0 | 16 637,2 | 16 637,2 | 100,0 | 0,0 | |
| 116 | Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары | 2 705,8 | 2 260,8 | 2 258,9 | 99,9 | 1,9 | |
| 121 | Әлеуметтік салық | 5 510,2 | 4 627,2 | 4 548,9 | 98,3 | 78,3 | |
| 122 | Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар | 3 766,0 | 3 363,6 | 3 362,9 | 100,0 | 0,7 | |
| 124 | Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар | 3 457,6 | 2 363,0 | 2 363,0 | 100,0 | 0,0 | |
| 131 | Техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу | 40 583,0 | 32 808,0 | 32 808,0 | 100,0 | 0,0 | |
| 135 | Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары | 5 048,0 | 4 195,0 | 4 116,5 | 98,1 | 78,5 | |
| 136 | Техникалық персоналдың ел iшiндегi iссапарлары мен қызметтiк жол жүрулері | 2 989,4 | 1 630,0 | 1 623,2 | 99,6 | 6,8 | |
| 149 | Өзге де қорларды сатып алу | 1 415,0 | 1 127,5 | 1 127,1 | 100,0 | 0,4 | |
| 152 | Байланыс қызметтерiне ақы төлеу | 130,5 | 0,5 | 0,0 | 0,5 | ||
| 158 | Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу | 776,0 | 197,0 | 196,7 | 99,8 | 0,3 | |
| 159 | Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу | 0,0 | 0,0 | 0,0 | 0,0 | 0,0 | |
| 159 | Жосалы және Тереңөзек кенттеріндегі АГТС газдандыру нысандарын пайдалану қызметі | 196 522,0 | 149 579,0 | 148 923,5 | 99,6 | 655,5 | |
| 161 | Ел ішіндегі іс сапарлары мен қызметтік сапарлар | 11 511,6 | 9 910,0 | 9 905,5 | 100,0 | 4,5 | |
| 165 | Атқарушылық құжаттарды орындау | 75,0 | 75,0 | 74,6 | 99,4 | 0,4 | |
| 169 | Басқа да операциялық шығыстар | 1,0 | 1,0 | 0,5 | 50,0 | 0,5 | |
| Өзге де бағдарламалар бойынша | 52 542 761,7 | 46 464 546,4 | 46 146 385,5 | 99,3 | 318 160,9 | ||
| 279-007-015 | Жылу-энергетикалық жүйені дамыту | 298 463,0 | 294 896,0 | 294 895,8 | 100,0 | 0,2 | |
| 279-032-015 | Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау | 4 607 428,0 | 4 251 000,0 | 4 251 000,0 | 100,0 | 0,0 | |
| 279-038-015 | Коммуналдық шаруашылығын дамыту | 5 354 715,9 | 4 892 390,4 | 4 630 837,0 | 94,7 | 261 553,4 | |
| 279-054-015 | Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азамматардың жекелеген санаттарына төлемдер | 127 828,8 | 127 828,8 | 127 828,8 | 100,0 | 0,0 | |
| 279-050-015 | Энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерді субсидиялау | 161 200,5 | 161 200,5 | 161 200,5 | 100,0 | 0,0 | |
| 279-060-015 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту | 324 829,0 | 324 829,0 | 324 828,8 | 0,0 | 0,2 | |
| 279-065-015 | Жарғылық капиталды қалыптастыру немесе ұлғайту | 2 235 960,9 | 836 938,9 | 836 938,9 | 100,0 | 0,0 | |
| 279-071-015 | Газ тасымалдау жүйесін дамыту | 4 304 350,0 | 4 304 350,0 | 4 247 742,9 | 98,7 | 56 607,1 | Орындалған жумыстар актісінің болмауына байланысты |
| 279-096-015 | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау | 1 980 000,0 | 1 909 110,0 | 1 909 110,0 | 100,0 | 0,0 | |
| 279-113-015 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 1 162 370,1 | 552 153,4 | 552 153,4 | 100,0 | 0,0 | |
| 279-114-015 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері | 32 146 816,0 | 28 971 049,9 | 28 971 049,9 | 100,0 | 0,0 | |
| ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҒЫ: | 52 947 657,7 | 46 792 933,7 | 46 473 944,5 | 99,3 | 318 989,2 | ||
| 279-007-032 | Жылу-энергетикалық жүйені дамыту | 1942 231,0 | 1942 231,0 | 1942 230,9 | 0,0 | 0,1 | |
| 279-038-011 | Коммуналдық шаруашылығын дамыту | 1 446 750,0 | 1 446 750,0 | 1 446 750,0 | 0,0 | 0,0 | |
| 279-051-032 | Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту | 3 500 000,0 | 2 800 000,0 | 2 800 000,0 | 0,0 | 0,0 | |
| 279-071-032 | Газ тасымалдау жүйесін дамыту | 0,0 | 0,0 | 0,0 | 0,0 | 0,0 | |
| 279-114-011 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері | 1 299 827,0 | 1 226 218,0 | 1 226 218,0 | 0,0 | 0,0 | |
| 279-114-032 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері | 8 020 007,0 | 7 272 927,0 | 7 272 927,0 | 0,0 | 0,0 | |
| 279-139-000 | Қазақстан республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу | 7 547 965,3 | 7 547 965,3 | 7 358 918,5 | 0,0 | 189 046,8 | Орындалған жумыстар актісінің болмауына байланысты |
| РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҒЫ: | 23 756 780,3 | 22 236 091,3 | 22 047 044,4 | 99,1 | 189 046,9 | ||
2026 жылға арналған жұмыс жоспары
Жылумен қамту бойынша
Облыс бойынша 2025-2026 жылғы жылу беру маусымы тұрақты өтуде. Тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс жасап тұр.
2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымын тұрақты және іркіліссіз өткізу мақсатында, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-на газ отынын сатып алуға 375 млн.тг субсидия берілді.
Жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 2025 жылы бөлінген 3,6 млрд. теңге қаржыға 7,9 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылды. Аталған жобалар 2026 жылға өтпелі.
Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі
2 пайызға төмендеді (42% дан 40% дейін).
2026 жылы аталған 6 жобаны толығымен аяқтауға республикалық бюджеттен 3,6 млрд.теңге бөлінді. Ағымдағы жылы жобаларды толығымен аяқтап, қабылдау жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №1102 қаулысымен бекітілген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында «Қызылорда қаласы БК-63-тен Қорқыт ата көшесі №136, 134, 136А, 136Б, 38А, 38Б, 140, Төле би көшесі №139, 141, 141А, 141Б,137, 145, 114 тұрғын үйлеріне, № 217 ОМ және № 6 емханасына дейінгі тоқсанаралық жылу желілерін реконструкциялау» жобасын жүзеге асыруға ұсынылған болатын. Қазіргі таңда қаржылық оператор тарапынан ескертпелер беріліп, ескертпелерді жою бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Абаттандыру жұмыстары
2026 жылға облыстық бюджеттен Қызылорда қаласында Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту (Қайта түзету) жобасы бойынша жұмыстарды аяқтауға 4,2 млрд.теңге бөлінді.
Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік-әріптестік тарапынан «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» жобалары бойынша жұмыстарды жалғастыруға 2026 жылға облыстық бюджеттен 3,7 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Ыстық сумен қамту бойынша
Мемлекет басшысының өңірімізге жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу туралы тапсырма берілген болатын. Осыған орай, жалпы құны – 26,2 млрд.теңгені құрайтын 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылуда.
Бірінші кезең аясында 2024 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі №327 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су желілерін салу үшін Үкімет резервінен 11 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 186 көпқабатты тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары толық аяқталды.
Екінші кезең бойынша 2025 жылы Үкімет резервінен «Ақмешіт» және «Мерей» шағын аудандарындағы 61 көпқабатты тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз етуге 5 млрд теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталған.
2025 жылы 176 көпқабатты тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Арнайы мемлекеттік қордан 10,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күні 176 тұрғын үйде пәтерлерге дейін ыстық су жүйелерін жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Газбен жабдықтау бойынша 2026 жылға жоспар:
10 елді мекенді (Ақжарма, Қамыстыбас, Төребай би, Иркөл, Бекарыстан би, Жанқожа батыр, Түктібаев, Майдакөл, Шіркейлі, Қоғалыкөл) табиғи газға қосу жұмыстарын жүргізу;
Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды тұрақты қатты отынмен қамтамасыз ету;
Көппәтерлі тұрғын үйлерді авариялық және пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан лифтілерді ауыстыру және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту және жүзеге асыру.
2025 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы аясында басқармада келесi жұмыстар жүргiзiлді
Барлық мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметке түскен кезде құқықтары менмiндеттерi, олар қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерi түсiндiрiлді. Заңмен бекiтiлген мерзiмде Басқарма қызметкерлерi салық органына жыл сайынғы жеке табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырады.
Басқармада құқықтық жалпыға мiндеттi оқуда тұрақты түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң Әдеп кодексi және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары нормаларын түсiндiру бойынша оқулар жүргiзiлді. Басқармамен 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350 Қазақстан Республикасының әкімшілдік рәсімдік – процестік Кодексі сақталып, сондай – ақ жеке заңды тұлғаларды жеке қабылдау мәселесі ерекше бақылауға алынды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында басқарма басшылығының тұлғаларды қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған.
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне таныстырылды.
Басқарма қызметшілері тарапынан қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі барлық қызметшілерге ескертілген. Есепті мерзімде қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер жасау және осындай әрекеттері үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану деректері тіркелген жоқ.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат веб-порталда тұрақты түрде орналастырылып, ақпарттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Облыс әкімдігінің бекітілген кестесіне сәйкес 2025 жылы маусым айында Басқармада ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, іс-шаралар жоспары бекітілді.
Талдау қорытындысымен 5 тәуекел анықталып, оларды жою бойынша ұсынымдар, іс-шаралар жоспары әзірленді.
Ішкі талдаудың есепті кезеңінде Басқармада 7 мемлекеттік қызметкерге және 9 штаттан тыс қызметкерге тәртіптік шара қолданылды. кадрлық тағайындаулар мен босатулар бойынша: 9 мемлекеттік қызметші конкурс арқылы тағайындалды (оның ішінде 5 мемлекеттік қызметкерге тәлімгер бекітіліп 3 ай сынақ мерзімімен тағайындалды), 10 штаттан тыс қызметкер қабылданды,
7 мемлекеттік қызметші мен 16 штаттан тыс қызметкер жұмыстан босатылды. «е-Өтініш» Ақпараттық жүйесінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 317 өтініш түсті. Оның ішінде арыз – 195, шағым – 10, ұсыныс – 50 және басқалары (хабарлама, сұрау салу, жауап беру)-62. Басқа органга құзыреті бойынша 98 өтініш жолданды. Өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.
Жалпы, Ішкі талдау рәсімдері белгіленген үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді, ол бойынша тыңдау өткізіліп, қажетті құжаттардың барлығы ресми интернет-ресурста жарияланды.
Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес тұрақты бақылауда және іс – шаралар жалғастырыла береді.
2025 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 2025 жылы Е-Өтініш порталына барлығы 390 арыз шағым келіп түсті. Оның ішінде 246 өтініш, шағым 8,ұсыныс 34, басқасы 102. Барлық арыз шағым уақытындар қаралып заң бұзушылық орын алған жоқ.
Басқарма басшысы жеке қабылдаулар өткізді. Жеке қабылдауда облыс тұрғындарының мәселелері қаралып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түрлі көмек көрсетілді.
Сумен жабдықтау және суды бұру туралы
Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар.
Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған.
Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 98,6 пайызды құрайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалған 23 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Жол картаға сәйкес облыс аумағындағы сапалы ауыз сумен қамтылмаған ауылдар қатарындағы Арал ауданы Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу, Қазалы ауданы Шәкен, Шилі, Сарбұлақ, Шитүбек елді мекендеріне ішкі су жүйелерін салу жоспарланған.
Арал ауданы Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу жобасына республикалық бюджеттен - 440 млн. теңге, арнаулы мемлекеттік қордан - 1,3 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 432,6 млн.теңге қаралған.
Қазалы ауданы Шәкен, Шилі, Сарбұлақ, Шитүбек елді мекендеріне ішкі су жүйелерін салу жобаларына республикалық бюджеттен - 347 млн. теңге, арнаулы мемлекеттік қордан - 847 млн. теңге және облыстық бюджеттен 298,9 млн.теңге қаралған. Қазіргі таңда жобалардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 83 шақырым су құбыры салынып, 6 мыңға жуық адам орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендерді сапалы таза ауызсумен қамту үлесі 100 пайызды құрайтын болады.
Сонымен қатар, Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының екінші тармағын салу жобасын бастауға республикалық бюджеттен 3 млрд.теңге, Қызылорда қаласындағы биологиялық кәріздік тазарту станциясын қайта жаңғыртуға 720,8 млн.теңге және Қызылорда қаласы Гагарин көшесіндегі КНС реконструкциялауға 101,4 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқын алуда.
Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 6 жобаның құрылысына 1,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Аталған жұмыстар нәтижесінде су желілерінің тозу деңгейі 33%-ға және кәріз желілерінің тозу деңгейі 32%-ға төмендейді деп күтілуде.
2025 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы аясында басқармада келесi жұмыстар жүргiзiлді.
Барлық мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметке түскен кезде құқықтары менмiндеттерi, олар қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерi түсiндiрiлді. Заңмен бекiтiлген мерзiмде Басқарма қызметкерлерi салық органына жыл сайынғы жеке табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырады.
Басқармада құқықтық жалпыға мiндеттi оқуда тұрақты түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң Әдеп кодексi және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары нормаларын түсiндiру бойынша оқулар жүргiзiлді. Басқармамен 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350 Қазақстан Республикасының әкімшілдік рәсімдік – процестік Кодексі сақталып, сондай – ақ жеке заңды тұлғаларды жеке қабылдау мәселесі ерекше бақылауға алынды. 2025 жылдың қаңтар айынана бастап шілде айына дейін «Е – өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 133 өтініш, оның ішінде 72-арыз, 5-шағым, 10-ұсыныс, 46-басқасы (сұрау салу, үн қосу,хабар) келіп түсті. Барлық өтініштерге мерзімінде сапалы жауап берілді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында басқарма басшылығының тұлғаларды қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған.
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне таныстырылды.
Басқарма қызметшілері тарапынан қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі барлық қызметшілерге ескертілген. Есепті мерзімде қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер жасау және осындай әрекеттері үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану деректері тіркелген жоқ.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат веб-порталда тұрақты түрде орналастырылып, ақпарттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Облыс әкімдігінің бекітілген кестесіне сәйкес 2025 жылы маусым айында Басқармада ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Талдау нәтижесімен 6 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оған сәйкес іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жалпы, Ішкі талдау рәсімдері белгіленген үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді, ол бойынша тыңдау өткізіліп, қажетті құжаттардың барлығы ресми интернет-ресурста жарияланды.
Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда болып, іс – шаралар жалғастырыла береді.
| Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 01.07.2025 жылға мемлекеттік сатып алуы бойынша ақпарат | ||||
| № | Нысанның атауы | Жарияланған сома, ҚҚС-сыз (теңге) | Жарияланған мерзімі | Жеңімпаз мекеме |
| 1 | «Қызылорда қаласында ТК-28-ден ТК-38-ге дейін магистральдық жылу желілерін реконструкциялау» | 2 439 642 617,00 | 30.06.2025 | "Мелиоратор" ЖШС |
| 2 | «Қызылорда қаласында ТК-28-ден ТК-38-ге дейін магистральдық жылу желілерін реконструкциялау» жобасын техникалық қадағалау қызметі | 52 940 245,00 | 13.05.2025 | "Ақбозат LTD" ЖШС |
| 3 | «Қызылорда қаласында ТК-21-ден ТК-25-ке дейін магистральды жылу желілерін реконструкциялау» | 260 812 497,00 | 06.02.2025 | "СК MEGARON" ЖШС |
| 4 | «Қызылорда қаласында ТК-21-ден ТК-25-ке дейін магистральдық жылу желілерін реконструкциялау» жобасын техникалық қадағалау қызметі | 6 728 963,00 | 05.05.2025 | "Кызылорда-Технадзор" ЖШС |
| 5 | «Қызылорда қаласындағы АБМҚ-1-ден Сырдария м/а №1-23 тұрғын үйлері және №264 орта мектепке дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау» | 1 158 989 291,00 | 11.04.2025 | Ақмешіт-Мелиоратор ЖШС |
| 6 | «Қызылорда қаласындағы АБМҚ-1-ден Сырдария м/а №1-23 тұрғын үйлері және №264 орта мектепке дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау» жобасын техникалық қадағалау қызметі | 29 901 924,00 | 28.04.2025 | "Aisar-Group" ЖШС |
| 7 | «Қызылорда қаласындағы ТК-3 сол жақтан №10 орта мектепке дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау» | 965 952 079,00 | 09.04.2025 | "Механизатор-К" ЖШС |
| 8 | «Қызылорда қаласындағы ТК-3 сол жақтан №10 орта мектепке дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау» жобасын техникалық қадағалау қызметі | 26 853 468,00 | 13.05.2025 | "Ақбозат LTD" ЖШС |
| 9 | «Қызылорда қаласындағы ТК-42-ден Бектұрғанов көшесі №30, Есенов көшесі №17а, №30, Абай даңғылы №32, 27а, 20б, 34а, 36, 36А, 15а, Мұратбаев көшесі №17, 15 Тұрғын үйлерге және №198 орта мектепке дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау» | 520 022 789,00 | 09.04.2025 | "Самат-Мунай" ЖШС |
| 10 | «Қызылорда қаласындағы ТК-42-ден Бектұрғанов көшесі №30, Есенов көшесі №17а, №30, Абай даңғылы №32, 27а, 20б, 34а, 36, 36А, 15а, Мұратбаев көшесі №17, 15 тұрғын үйлерге және №198 орта мектепке дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау» жобасын техникалық қадағалау қызметі | 13 884 609,00 | 13.05.2025 | "Ақбозат LTD" ЖШС |
| 11 | «Қызылорда қаласындағы С.Маханов көшесі бойындағы ТК-1- ден бастап Наурыз шағынауданындағы №2-31А және Қызылорда қ. Амангелді көшесіндегі №63-65 тұрғын үйлерге дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау» | 1 076 473 962,00 | 09.04.2025 | "Асанас-Дар" ЖШС |
| 12 | «Қызылорда қаласындағы С.Маханов көшесі бойындағы ТК-1- ден бастап Наурыз шағын ауданындағы №2-31А және Қызылорда қаласы Амангелді көшесіндегі №63-65 тұрғын үйлерге дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау» жобасын техникалық қадағалау қызметі | 28 957 150,00 | 13.05.2025 | "Ақбозат LTD" ЖШС |
| 13 | ӘЖ-35кВ Л-31А, Л32А ҚС-220/35/10 кВ Қызылорда-ҚС 35/10 кВ Өнеркәсіптік желіні қайта құру | 749 466 008,00 | 19.06.2025 | "ИРТЫШЭЛЕКТРОМОНТАЖ" ЖШС |
| 14 | «ӘЖ-35кВ Л-31А, Л32А ҚС-220/35/10 кВ Қызылорда-ҚС 35/10 кВ Өнеркәсіптік желіні қайта құру» жобасын техникалық қадағалау қызметі | 21 509 674,00 | 02.07.2025 | "Кызылорда Нур Строй Инжиниринг" ЖШС |
| 15 | «Арал және Қазалы аудандарында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының №13 ВК-дан бастап Әйтеке би кентінің №1 сорғы станциясына дейін магистральдық су таратқышының 2-тармағын салу» жобасы бойынша техникалық қадағалау қызметі | 717 384 462,00 | 06.05.2025 | "Алатау сапа құрылыс" ЖШС |
| Барлығы | 8 069 519 738,00 | |||
Ағымдағы жылы құны 6 млрд.теңге құрайтын жобаларды іске асырылуда.
Атап айтсақ, 3,1 млрд.теңге қаржыға 280 шақырым электр желісін және 2,9 млрд.теңгеге 87 дана қосалқы станциялар қайта жаңғыртудан өткізілетін болады.
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 532,6 млн. теңгеге 40,2 шақырым әуе желісін қайта жаңғыртудан өткізілуде.
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ - БАСТЫ БАСЫМДЫҚ
Аймағымызда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Газдандыру, ауыз су, электр энергетикасы, жылумен қамту және апатты үйлер мәселесін шешу бағытында бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Жаңа жылу электр орталығының құрылысы, ыстық сумен қамту жүйесі және көпқабатты үйлерді жөндеу өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Ізмағамбетов баяндады.
- Газдандыру, ауыз сумен қамту, электр желілерін жаңғырту, жылумен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтары табиғи газға қосылды, биыл бірнеше ауылдық елді мекендерге газ беріліп, қамту деңгейін 82 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту - біздің басым бағытымыздың бірі. Қазір осы мақсатта топтық су құбырлары тартылып, ішкі су жүйелері жаңартылуда. Электр энергетикасында тозған желілер мен қосалқы станциялар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу де басты назарда. Жаңа жылу электр орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр, ол толық іске қосылғанда облыстың энергетикалық қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіледі. Біздің міндет - әрбір жобаны сапалы аяқтап, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға барынша үлес қосу,- деді Бауыржан Нұрланұлы.