Еңбек қауіпсіздігі

Еңбек қауіпсіздігі

2021 жылғы 1 қазанда Қызылорда облысының төтенше жағдайлар Департаментінің Дағдарыс орталығында «Еңбек қауіпсіздігін сақтау қажет» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмысы барысында Департамент қызметкерлеріне қызмет өткеру барысында еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау керектігі айтылды. Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Тәңірбергенұлы Бейбарыс жалпы еңбек саласындағы заңдылықтың талаптарын сақтау жөнінде жұмысшының және жұмыс берушінің құқықтарын айтты.