«Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы» әдістемелік құрал

«Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы» әдістемелік құрал

Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасымен (ары қарай – Басқарма) 2021 жылы «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқан өткізудің іс шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторларымен «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы» әдістемелік құрал әзірленді.

Аталған әдістемелік құрал облыс аумағындағы кәсіпорындар жұмыс берушілері мен ондағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің жауапты мамандарына жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында әзірленген.

Басқармамен облыс аумағындағы 40 кәсіпорын жұмыс берушілеріне әдістемелік құрал таратылып, оларға еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібін ҚР Еңбек кодексі талаптарына сай рәсімдеу ұсынылды.