«Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» науқан туралы

«Бала еңбегін пайдалануға  қарсы 12 күн» науқан туралы

Қызылорда облыстық білім басқармасы, Облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі, Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы, Облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығының және білім  беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен 2021 жылдың 9 маусымында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқан аясында рейдтік жұмыстар жүргізілді.

         Ұлттық ақпараттық науқанның басты мақсаты - бала еңбегінің ең нашар түрлерін алдын алу үшін ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Рейд барысында автокөлік жуу орындарына, атап айтқанда «Мұқасан Ата», «Чисто», «AQUA», «Гараж №1», «Нұрасыл Ата» атты субъектілерде бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында жеке кәсіпкерлерге және балалардың ата-аналарына ақпараттық - түсіндірме жұмыстары жүргізілді.