«Заңсыз еңбекке тарту» жедел профилактикалық іс-шарасы

«Заңсыз еңбекке тарту» жедел профилактикалық іс-шарасы

2021 жылдың 1 сәуірінде Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы Н.Жапаковпен Қызылорда қаласының полиция басқармасының мамандарымен бірлесіп  «Заңсыз еңбекке тарту» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Шараның мақсаты жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың және кәмелетке толмаған балалардың заңсыз жұмыс жасауларын алдын алу болып табылады.

Осы ретте, профилактикалық іс-шара барысында Қызылорда қаласы, А.Иманов көшесі, №67 мекен-жайында орналасқан «Ақжол» көлік жуу бекетінде кәмелет жасына толмаған (14 жасқа) балалардың ата анасының рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жатқандығы анықталып, автокөлік жуу бекетінің жұмыс берушісі «Алданазаров» ЖК-нің жұмыс берушісіне ҚР еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, шара барысында Қызылорда қаласы, Ұзақ Орынбай көшесі, н/ж мекен-жайында орналасқан «Арай» көлік жуу бекетінің жұмыс берушісімен кездесу өткізіліп, кәмелет жасына толмаған балалармен еңбек шартын жасасу барысындағы құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Бұл бағытттағы іс-шаралар Басқармамен жыл көлемінде жалғасын табады.