Жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру комиссиясы

Жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру комиссиясы

2020 жылғы 1 желтоқсан күні түнгі сағат 01:30 шамасында Сырдария ауданына қарасты «Қуатамлонмұнай» БК ЖШС-нің «Қоныс» мұнай кенішіндегі вахталық қалашықта жұмыскерлерге арналған вагондар өртеніп, соның салдарынан «CNEC» (СиЭнИСи) ЖШС-нің 2 жұмыскері және «Нурлен» ЖШС-нің 1 жұмыскері қаза болған.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің 02.12.2020 ж. №115-К бұйрығымен арнайы тергеп-тексеру комиссиясы құрылды.

Осыған байланысты, 04.12.20 ж. Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасында (ары қарай-Басқарма) аталған комиссияның төрағасы Басқарма басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Т.Жолымбетовтың, Басқарманың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Нугыманованың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Б.Тәңірбергенұлының, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары А.Оразбековтың Коммуналдық обьектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Ш.Байманованың, «CNEC» (СиЭнИСи») ЖШС-нің бас директорының орынбасары М.Серикбаевтың, «CNEC» (СиЭнИСи») ЖШС-нің жұмыскерлерінің өкілі М.Алиасқаровтың,

 «Нурлен» ЖШС-нің директоры М.Наметовтың, «Нурлен» ЖШС-нің жұмыскерлерінің өкілі А.Үсеиновтың, «Қуатамлонмұнай» ЖШС БК-ның еңбек қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі және қоршаған орта бөлімінің бастығы, аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілі Ж.Бекназаровтың қатысуымен арнайы тергеп-тексеру комиссиясының отырысы өткізілді.

Комиссия отырысында Т.Жолымбетов  аталған жазатайым оқиғаны жан-жақты тергеп-тексеру жөнінде комиссия мүшелеріне тапсырма беріп, «CNEC» (СиЭнИСи), «Нурлен» ЖШС басшылығына қаза болған жұмыскерлердің отбасы мүшелеріне материалдық көмек беру туралы мәселелер талқыланды.