ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ТІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ТІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Департаменттің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б. Жұманов Қызылорда қаласындағы «Мелиоратор» ЖШС-нің құрылыс алаңына барып, өндірістік процестер барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталу жағдайына тікелей бақылау жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өндірістік жарақаттану тәуекелдерін төмендету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.