
Еңбек күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Департаменттің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Бағлан Жұманов «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында өндірістегі еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері талқыланды.
🔹 Кәсіпорындағы еңбек жағдайлары зерделенді;
🔹 еңбек міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығы түсіндірілді;
🔹 кәсіби тәуекелдерді бағалау және өндірістегі ықтимал қауіптердің алдын алу мәселелері айтылды;
🔹 «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасының маңызы түсіндірілді;
🔹 қауіпті жұмыстарды орындайтын жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту және қажетті рұқсат құжаттарының болуы жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу соңында жұмыскерлер өздерінің сұрақтарына жауап алып, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша қажетті ақпараттар алды.
Қауіпсіз еңбек – әр жұмыскердің құқығы және жұмыс берушінің маңызды міндеті.
#ЕңбекКүні #ЕңбекҚауіпсіздігі #Қызылорда #VisionZero #ЕңбектіҚорғау