«СНПС-АйДанМұнай» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.

«СНПС-АйДанМұнай» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.

Өндірістегі жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру барысында мемлекеттік еңбек инспекторы Б.Жұманов «СНПС-АйДанМұнай» АҚ жұмыскерлеріне жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне және өндірістік жарақаттардың алдын алуға арналған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жазатайым оқиғалардың жиі кездесетін себептері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасының талаптары талқыланды.

Жұмыскерлерді уақытылы оқулар мен нұсқаулардың маңыздылығына, жеке қорғаныс құралдарын міндетті түрде алу және дұрыс пайдалану, сонымен қатар ережелер мен өндірістік нұсқауларды қатаң сақтау маңыздылығына ерекше назар аударылады. Еңбекті қорғау талаптарын сақтау жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың негізгі шарты екені атап өтілді.