Адам саудасына қарсы күрес мәселелері туралы

Адам саудасына қарсы күрес мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 609 қаулысы негізінде Облыс әкімінің өкімімен «Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары» бекітілген.

Аталған іс-шаралар жоспары аясында 02.11.20ж. Облыс әкімдігімен 2020 жылғы қараша және желтоқсан айларына арналған «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша» медиа жоспар бекітіліп, уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда, 12.11.20ж. Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Б.Тәңірбергенұлының қатысуымен Облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша профилактикалық бақылау нәтижелері туралы ақпараттық түсіндірме берілді.

Бағдарлама барысында мәжбүрлі еңбек жағдайлары, мәжбүрлі еңбекке рұқсат етілетін жағдайлар және облыс аумағындағы адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар жайы талқыланды.