Мәдениет және спорт саласының жұмыскерлеріне онлайн семинар

Мәдениет және спорт саласының жұмыскерлеріне онлайн семинар

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Н.Жапақов мәдениет және спорт саласының жұмыскерлеріне ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты онлайн семинарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған семинарда ҚР еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына, оның ішінде мәжбүрлі карантин немесе локдаун кезінде жұмыскерлерді қашықтан жұмыс істеу принципіне, толық емес жұмыс уақытына ауыстыру мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті.