Өндірісте жарақат алу деңгейін төмендету мақсатында жоспарға сәйкес 2026 жылдың 7 айында 20 кәсіпорында кәсіби тәуекелдерді бағалау өткізілсе, «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасына 49 кәсіпорын қосылды. Құрылыс алаңдарында жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған тік бақылау жүргізілуде (вертикальный контроль).