
Мемлекет пен қоғамға қызмет ету – әрбір азамат үшін абыройлы іс. Қоғамымыздың гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі ерекше. 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні. Бұл күнді арнайы атап өту арқылы қоғамымыздағы мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін арттырып, мемлекеттік органдар рөлінің маңыздылығын одан әрі нақтылай түсеміз. Осыған орай, Департамент басшысының орынбасары Б.Досымов қызметкерлерді мерекемен құттықтап, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамоталарын еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы М.Сүйеубаев пен осы бөлімнің бас маманы Г.Нұғымановаға және министрдің Алғыс хатын еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Р.Әбдірамановқа табыстады. Осындай марапаттар қызметкерлерге жаңа серпін беріп, алдағы міндеттерді абыроймен атқаруға жігер қосады.