Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары еңбек заңнамасымен реттеледі. Жұмысқа қабылдау жасы, жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбек жағдайларына қатысты ерекше талаптар қойылады.
Осы ретте, мектеп оқушылары мен білім беру мекемелерінің студенттерінің жазғы демалыс уақытында еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бағытында құзырлы органдармен бірлесіп профилактикалық іс шаралар ұйымдастырылды.
Аталған шара барысында Департаменттің еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы М.Сүйеубаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жастар ресурстық орталығы мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп Қызылорда қаласындағы қоғамдық тамақтану, жанармай құю станцияларында және көлік жуу орындарында болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.