
Бүгін Департамент қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас мамандары Ж.Қозбағарова және Ж.Мұхамбетжанованың қатысуларымен құқықтық оқу өткізілді. Дәріс барысында Департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, құмар ойындарынан аулақ болу сынды маңызды мәселелер талқыланды. Шара соңында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау, адалдық қағидаттарын ұстану жөнінде түсіндіріліп, заңнамалар бойынша қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.