
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Б.Досымов пен еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы М.Сүйеубаевтің қатысуларымен Қызылорда қаласы бойынша білім ұйымдарындағы жауапты мамандарына арналған семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында Б.Досымов 2026 жылғы 12 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (98-бап 1-1, 1-2 тармақтарымен толықтырылды) еңбек шарттарын есепке алу саласындағы ашықтық пен тәртіпті арттыруға бағытталған өзгерістер туралы атап өтті.
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпаратты белгіленген мерзімдерде, толық енгізбеу және дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылықтар үшін айыппұл салуға алып келетіндігі түсіндіндірілді.
Сонымен қатар, жұмыскерлерді еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу жұмыс берушінің негізгі міндеттері екенін тоқталып өтті.
Қазіргі таңда облыс бойынша Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің деректерін талдау негізінде тіркелген еңбек шарттар мен міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтер арасында сәйкессіздіктер анықталуда.
Осыған орай, барлық жұмыс берушілер еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (hr.enbek.kz) еңбек шарттарды тіркеу, босатылған жұмыскердің шартын тоқтату, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуде мерзім бұзушылыққа жол бермеу шараларын қатаң ұстанып, сәйкессіздіктерді шұғыл түрде жоюы керектігін назарға сала кетті.
Жұмыс берушілер тарапынан Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын қатаң сақтауды және жұмыскерлерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жұмыс берушінің негізгі міндеттері екенін атап өтіп, еңбек заңнамасы талаптарын қатаң сақтауға шақырды.