Департаменттің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б.Жұманов «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы мен «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС - «ЖБ - ЖТ Қызылорда» филиалы ұйымдастырған еңбекті қорғау күніне арналған шараларға қатысты.
Шара барысында Бағлан Жұманов жұмыс берушілермен «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасына қосылу, еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және созылмалы (кәсіптік) ауруларды болдырмау мақсатында кәсіптік тәуекелдерді бағалау жүргізу, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу, еңбек қауіпсіздігі ережелерін оқыту жөнінде түсіндірмелер беріп, сұрақтарға жауап берді. Шара соңында саланың үздік қызметкерлері марапатталды.