
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында облыстық кәсіподақтар орталығында «Салауатты психоәлеуметтік жұмыс ортасын қамтамасыз етейік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы М.Нәлібаев, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Жұмағұлов, Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыс бойынша департамент басшысы Б.Шәріпбеков, салалық кәсіподақтар, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Өз кезегінде департамент басшысы Бектемір Жұмағұлов өткізіліп отырған шараның мазмұнына тоқтала келе, өңірдегі кәсіпорындарда ұжымдық шарт жасасу мен оның орындалуын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттануды төмендету, қауіпсіздік ережелерін оқыту шараларының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар департаменттің бөлім басшысы Б.Жұманов еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағытында атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті. Әсіресе, жарақаттану деңгейін төмендету мақсатында мекемелерді кәсіби тәуекелдерді бағалау, құрылыс алаңдарындағы тік бақылау, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу қажеттілігіне тоқталды. Шара соңында салалық кәсіподақтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, кәсіпорындар мен ұйымдардағы үздік мамандар Алғыс хаттармен марапатталды.