Облыста 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өту шеңберінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында оқырмандар мен келушілерге арналған "Адал еңбек - жарқын болашақ" тақырыбында Еңбек бұрышы ашылды.
Жалпы, елімізде 2003 жылдан бастап атап өтілетін еңбекті қорғау күнінің негізгі мақсаты жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін ықтимал теріс салдарлардың алдын алу шараларын қабылдауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталған.
Еңбекті қорғау саласындағы қажетті ақпараттық ресурстардың болуы қызметкерлер мен жұмыс берушілерге және жалпы қоғамға қажет деп білеміз.
Шара барысында Департаменттің бөлім басшысы Б.Жұманов кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі ережелері мен талаптарына тоқталып, өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытында кәсіби тәуекелдерді бағалау жүргізу, жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу міндеттері туралы түсіндірме берді.
Алдағы уақытта Департаментпен оқырмандар мен келушілерге арналған Еңбек бұрышының тақырыптық мазмұны тұрақты жаңартылып отыратын болады.