Еңбек шарты — жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы құқықтар мен міндеттерді айқындайтын, еңбек қатынастарының туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына негіз болатын жазбаша келісім. Ол еңбек функциясын, жұмыс орнын, еңбекақыны және кепілдіктерді заңды түрде бекітіп, тараптардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
HR Enbek порталы арқылы еңбек шартын жасау үшін бірнеше қадамдар қажет:
Жұмыс беруші авторизациядан өтіп, ыңғайлы конструктордың көмегімен электронды еңбек шарты жобасын жасауы немесе дайын файлды қосып, қызметкерге келісуге жіберуі қажет. Өз кезегінде, қызметкер порталда немесе HR Enbek мобильді қосымшасында авторизацияланып, ЭЦҚ, QR немесе mGovMobile көмегімен электронды еңбек шарты жобасына қол қояды. Осыдан кейін жұмыс берушіге қызметкердің ЭЕШ-ге қол қоюы туралы хабарлама келеді және ол құжатқа қол қоя алады. Еңбек шарты бойынша мәліметтер автоматты түрде ЕШЕБЖ-да тіркеуге жіберіледі.