28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету тақырыбында 2026 жылдың 15-17 сәуір аралығында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары қолданыстағы заң нормалары бойынша кеңес береді. Сонымен қатар еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде еңбек шарттарын тіркеу, босатылған азаматтың еңбек шартын тоқтату және басқа да сәйкессіздіктерді жою, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу, кәсіби тәуекелдерді бағалау, «FSM Social» мобильді қосымшасымен жұмыс мәселелері бойынша мамандар қызмет көрсететін болады.