
Арал ауданында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үш жақты комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Көшпелі отырысқа комиссия төрағасының орынбасары, облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев төрағалық етті.
Комиссияда күн тәрбіне сәйкес, Еңбек тәуекелдер картасы бойынша жұмыстың жай-күйі мен кәсіпорындарды сақтандыру жүйесімен қамту, міндетті әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру қорларының облыстағы филиалдарының жұмысы, әлеуметтік шиеленіс ошақтар картасына сәйкес атқарылған жұмыстар туралы қаралды.
Департамент басшысы Б.Жұмағұлов туындауы мүмкін еңбек шиеленістерінің алдын алу, мерзімінде шаралар қабылдау бағытында Еңбек тәуекелдер картасы бойынша жоғары және орта тәуекелі бар кәсіпорындармен жұмыстың барысына тоқталып, мекеме мен ұйымдарда тәуекел деңгейінде болуының негізгі себебі міндетті төлемдерді кешіктіру немесе мүлдем жүргізбеу салдарынан орын алып отырғанын жеткізді.
Қазіргі таңда болжамды тәуекелі бар кәсіпорындармен алгоритмге сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдануда.
Сондай-ақ, жыл басынан бері әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссияның 18 отырысы өткізіліп, Еңбек тәуекелдер картасына сәйкес міндетті төлемдерді мерзімінде жүргізу мәселелері бойынша 78 кәсіпорынның еңбек ахуалы тыңдалды.
Комиссия отырысында Бектемір Жұмағұлов жұмыскерлерді еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу барысын айтып өтті.
Жыл басынан облыста жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты бар 2955 кәсіпорын болса, оның ішінде 2050-і заңды тұлғалар және 896-ы жеке кәсіпкерлер. Бүгінде мемлекеттік мекемелерді қоспағанда сақтандыру жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлесі 70,5 пайызды құрап отыр.
Өндірістік жарақаттануды төмендету бағытында облыс бойынша 10 кәсіпорында кәсіби тәуекелдерді бағалау жүргізілсе, «Нөлдік жарақаттану-Vision Zero» тұжырымдамасына 42 мекеме қосылды және құрылыс алаңдарында жұмыс жүргізген кезде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған тік бақылау жүргізілсе, ұжымдық шартты цифрландыру бағытында облыста ағымдағы жылдың 1 сәуіріне барлығы 869 шарт цифрландырылды және наурыз айының жоспары 210%-ға орындалғанын жеткізді.
Бұдан бөлек, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 2026 жылғы 12 наурыздан бастап күшіне енген еңбек шарттарын есепке алу саласындағы ашықтық пен тәртіпті арттыруға бағытталған өзгерістерге тоқталып, түсіндірме берді.
Сонымен қатар облыс бойынша Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің деректерін талдау негізінде тіркелген еңбек шарттар мен міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтер арасында сәйкессіздіктерге байланысты, барлық жұмыс берушілер жүйеге (hr.enbek.kz) еңбек шарттарды тіркеу, босатылған жұмыскердің шартын тоқтату, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуде мерзім бұзушылыққа жол бермеу шараларын қатаң ұстанып, сәйкессіздіктерді шұғыл түрде жою қажеттігіне назар аударды. Комиссия отырысының қорытындысымен тиісті хаттамалық шешім қабылданды.