2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне еңбек шарттарын есепке алу саласындағы ашықтық пен тәртіпті арттыруға бағытталған өзгерістер күшіне енеді.
Осыған байланысты HR Enbek порталында (
hr.enbek.kz) жұмыскерлер өзекті емес мәліметтерді өз бетінше түзету үшін сұраным жібере алады. Жұмыс берушімен байланысу мүмкіндігі болмаса, түзету сұранымын жеке кабинет арқылы тікелей жолдауға болады.
Сұранымды қалай жіберуге болады:
enbek.kz порталындағы жеке кабинетке кіріңіз.
«Электрондық еңбек кітапшалары» модуліне өтіңіз.
Тиісті еңбек шартын таңдап, әрекетті көрсетіңіз: «Редакциялау», «Жою» немесе «Тоқтату».
Форманы толтырып, сұранымды электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойыңыз.
Өтінім «Түзетуге арналған сұранымдар» қосымша бетінде көрсетіледі, онда өтінімнің мәртебесін бақылауға болады.
Жұмыс берушіге сұранымды қарауға 3 жұмыс күні беріледі. Жауап болмаған жағдайда өтінім автоматты түрде уәкілетті органға жолданады.