ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ТІРКЕУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ТІРКЕУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Бүгін облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында Департамент басшысының орынбасары Б.Досымов, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің жауапты мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры П.Сыздық, палата жанындағы Білім саласы және әлеуметтік кәсіпкерлік салалық кеңесінің төрағасы Руслан Дүлдүл, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК АҚ-ның облыстық филиалының директоры А.Иманов және жұмыс беруші кәсіпкерлер қатысты.
Кездесу барысында жұмыс берушілер тарапынан Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын қатаң сақтауды және үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап кадрлық есептің ашықтығын арттыру мен еңбек қатынастары саласындағы тәртіпті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулерге түсіндірме беріліп, талаптарға толық сәйкестігін қамтамасыз ету ұсынылды. Сонымен қатар жұмыскерлерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жұмыс берушінің негізгі міндеттерінің бірі екені атап өтіліп, тақырып аясында сұрақтарға жауап берілді.