
Бүгін еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы М.Сүйеубаев пен еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б.Жұманов «Каспий Петролеум» ЖШС-нің еңбек ұжымына Еңбек тәуекелдер картасына енгізілудің негізгі себептеріне тоқталып, міндетті төлемдерді мерзімінде жүргізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жазатайым оқиға орын алған жағдайда хабарлама беру тәртібі мен сақтандыру шарттарын орындау шаралары түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауап берді.