«Қауіпсіз еңбек» науқаны

«Қауіпсіз еңбек» науқаны

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен бекітілген «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқан өткізудің іс-шаралар жоспары аясында 12.10.20 ж. Жаңақорған ауданы, Шалқия кентіндегі «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-да (ары қарай-АҚ) еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандарының, кәсіподақ ұйымы мүшелерінің және жұмыскерлердің қатысуымен «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы А.Алматовпен АҚ-ның еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас инженері Б.Манекеевпен АҚ жұмыскерлеріне еңбек қауіпсіздігі нормаларының талаптары, өндірісте орын алған жазатайым оқиғалардың негізгі себептері мен оның салдары және олардың алдын алу жұмыстары туралы баяндама жасап, жұмыскерлермен пікір алмасу өткізілді.