Бүгін Департамент басшысының орынбасары Б.Досымовтың төрағалығымен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, еңбек қатынастарын цифрландыру бағытында семинар кездесу болып өтті.
Кездесуге Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары М.Бәйімбетов, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ кәсіподағының төрайымы Б.Мұқашева, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы АҚ-ның облыстық филиалының директоры А.Иманов және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары мен департамент қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын цифрландыру жұмыстары, жұмыскерлерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу талқыланды.
Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 24 ақпанында ҚР Премьер-министрінің орынбасары А.Балаеваның төрағалығымен өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылдың қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттер мен басым бағыттары туралы алқа мәжілісінің қорытындысымен жүктелген бірқатар нақты тапсырмалардан туындайтын Департаменттің алдағы басым бағыттарына шолу жасалып, қорытындырыланды.