ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Т.Дельмухамед 2026 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилақтикалық бақылау жүргізудің жоспарына сәйкес, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-де болып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру барысында кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, еңбек заңнамасының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.