
Бүгін Департаментте «Әйелге құрмет-қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» ұранымен ағымдағы жылдың 9 ақпаны мен наурыз айының алғашқы онкүндігіне дейін жалғасатын ақпараттық наукан аясында, некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікке арналған семинар кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығының директоры Баянова Жұмакүл Тасболатқызы және осы орталықтың психологиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Мұстафаева Раушан Серікқызы некеге мәжбүрлеу, әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты кеңінен ақпараттар ұсынып, сұрақтарға жауап берді.