«Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай 2020 жылғы 27 қазанда Облыс әкімінің орынбасары Н. Байқадамовпен Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының ардагері Хасанов Мақсұт Нұрмаханұлына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі табысталды және ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп және ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Альшоразова Сәуле Абжалелқызы мен еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің әдіскері Әби Темірхан Өтепбергенұлы Облыс әкімінің орынбасары Н. Байқадамовтың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.