Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кітап көрмесі өтті.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кітап көрмесі өтті.

Департамент қызметкерлері ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылған  «Кемеңгерліктің  биік  шыңы – Абай»  атты  кітап  көрмесіне қатысты.   Кітап  көрмесінің  мақсаты -  ақын   поэзиясын  зерделеп  оқу,  мұрасын дәріптеу және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту болып табылады. Көрмеде ақынның шығармаларымен қатар белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының «Абайтану» кітабының томдығы, «Даңқты адамдар» сериясынан «Абай», Б.Ердембековтің «Абайтану», «Абай - Пушкин», Заки Ахметовтің «Абай и Лермонтов», «Жизнь замечательных людей» сериясынан Н.Анастасьевтің «Абай», Д.Досжановтың «Абайдың рухы», Р.Сыздықованың «Абай  шығармаларының  тілі» кітабының 3 томдығы және т.б кітаптар таныстырылды.