Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлама

Хабарландыру

«Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына №12 бұйрығына сәйкес 09.04.2025 ж.- 30.04.2025 ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз.

Жоғарыда аталған басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер  мен жағдайлар туралы ақпаратты uebp@korda.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.

Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.