Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс отырысында облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды

Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс отырысында  облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды

Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс отырысында облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде облыстық мәслихаттың кезектен тыс
17 сессиясы өткізіліп, облыс үшін маңызды бірқатар мәселелер талқыланды. Оның ішінде 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті кезекті нақтылау мәселесі.

Облыстық мәслихат сессиясының қарауына 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті 32,2 млрд.теңге сомасында нақтылау мәселесі ұсынылды. Олар республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен
27 млрд.теңге (оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер 14,5 млрд. теңгені, нысаналы даму трансферттері 9,8 млрд. теңгені және несиелер 3,0 млрд. теңгені құрады), облыстық бюджеттің өз кіріс көзінің ұлғайту есебінен
4,9 млрд. теңге және облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің үнемделген және пайдаланылмаған 5,6 млрд.теңге көлеміндегі қаржылардан құралды.

Облыстық бюджетті нақтылаудың негізгі бағыттары мен басымдықтары ретінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды қоса қаржыландыру, облыс бюджетінің әлеуметтік бағытын сақтай отырып, тұрғындардың алдындағы міндеттемелерді өтеу, аудан әкімдіктері мен мәслихат депутаттары тарапынан ұсынылған жобаларды қаржымен қамту мәселелері айқындалды.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласын электрмен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында КРЭК-тің және ТЭЦ-тің жарғылық капиталын ұлғайту көзделді.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешу мақсатында екі мектепке жапсаржай құрылысын бастау жоспарланды.