Мемлекеттік қызметшілер күні!

Мемлекеттік қызметшілер күні!

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бүгін, 23 маусым-әлемнің барлық мемлекеттік қызметшілері үшін бірыңғай кәсіби мереке.

Аталған мереке қарсаңында, Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы Нұрғали Рахымшаұлы басқарманың қызметшілерін Айнұр Айдарбекқызы мен Әлия Мүсірәліқызын Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Машбекұлының алғыс хатын табыстады.

Сонымен бірге, басқарма қызметкері Шынар Арапбекқызын ҚР Мемлекеттік  қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлының алғыс хатымен марапаттады.

Құрметті әріптестер, Сіздерді шын жүректен "Мемлекеттік қызметшілер күніне” орай алған марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге және отбасыларыңызға саулық, бақыт және береке тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!